Тоқаев: Араб Әмірліктері – біз үшін ислам әлеміндегі сенімді серіктес
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесу өткізді.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылған.
«Биыл жыл басында Әмірліктерге жасаған сапарымды және ел басшылығымен өткізген кездесулерімді жылы сезіммен еске аламын. Қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел халықтарының игілігі үшін қызмет етіп жатқанын ерекше атап өтемін. Араб Әмірліктері – біз үшін ислам әлеміндегі сенімді әрі басты стратегиялық серіктес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қолдау көрсетіп келе жатқан бауырлас ел. Мұны қазақ халқы ешқашан ұмытпайды. Әмірліктердің еліміздің көркеюіне қосқан үлесін достық пен тығыз ынтымақтастықтың жарқын бейнесі деп қабылдаймыз. Мүмкіндікті пайдаланып, Араб Әмірліктерінің басшылығына алғысымды білдіремін және Президент шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға ыстық ықыласқа толы сәлемімді жолдаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомартқа Тоқаевқа алғыс айтты.
«Сіздің қаңтар айында БАӘ-ге жасаған ресми сапарыңыз достас екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан табысты болды. Еліңізбен арадағы қарым-қатынасымыздың тарихы тереңде. Бүгінде халықаралық және аймақтық жағдайларға қарамастан, көптеген салада ынтымақтастығымыз нығайып келеді. Бірлескен инвестициялық жобаларымызды жүзеге асыруға барынша қолайлы жағдай жасағаныңыз үшін Сізге және Қазақстан үкіметіне ризашалығымызды білдіреміз», - деді шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық