Тоқаев Әлихан Бөкейханов туралы кітап авторын «Достық» орденімен марапаттады
Сурет кітап авторы мұрағатынан
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ордені мен Алғыс хатын ресейлік ғалым Алаш партиясы жетекшілерінің бірі — Әлихан Бөкейханов туралы кітабы үшін алды.
27 қазанда Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде «Әлихан Бөкейханов: адам – дәуір» кітабының тұсаукесері өтті. Автор Виктор Козодой өз жұмысында бұрын ғылыми айналымда пайдаланылмаған дереккөздерді, материалдар мен фактілерді: мұрағат құжаттарын, естеліктерді, сол жылдардағы газет-журналдағы жарияланымдарды пайдаланған.

Бұған дейін Қазақстанның бес қаласында (Астана, Алматы, Павлодар, Семей, Қарағанды) кітаптың тұсаукесері сәтті өткені атап өтілді. Содан кейін Мәскеуде алғаш рет Ресейдің белгілі ғалымдары мен сарапшыларының қатысуымен кітаптың тұсаукесері өтті.
— Бүгін бізге «Достық» орденінен бөлек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның «кітабымды зор ықыласпен оқығаны» туралы жеке алғыс хаты да келді. Қазір менің кітаптарымды тек тарих жанашырлары мен ғалымдары ғана емес, егемен, тәуелсіз мемлекеттердің басшылары да оқиды деп айтуға толық дәлелім бар,- дейді профессор Козодой.
Бұл оның тұңғыш және жалғыз мемлекеттік наградасы екенін, ол үшін ғалым Тоқаевқа шын жүректен алғысын білдіретінін атап өтті.
— Бұл менің Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан қарапайым үлесім болсын, - деп қосты ғалым.
Айтпақшы, сарапшылар Әлихан Бөкейханов туралы кітапты оның тұлғасы туралы алғашқы терең және тұтас ғылыми зерттеу деп атады. Дегенмен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру аясында Алаш қозғалысы қызметінің көптеген қырлары әлі ашылған жоқ деген пікір бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық