Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
«Құрметті әйелдер! Сіздер әлемді мейірім мен шуаққа толтырып, жақындарыңызға сүйіспеншілік пен қамқорлық сыйлайсыздар, жас ұрпақтың бойына жоғары гуманистік мұраттарды, еңбекқорлықты, білімге құштарлықты қалыптастырасыздар. Адамзаттың сұлу бөлігінің отбасындағы, қоғам өміріндегі, мемлекеттің жан-жақты дамуындағы рөлі бүгінде шынымен де орасан зор» делінген құттықтауда.
Президент қазақстандық әйелдер өндірісте, шығармашылықта, саясатта, бизнесте және басқа да көптеген салаларда үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жатқанын атап өтті.
«Мемлекет әрқашан гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге, әйелдер құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға ерекше көңіл бөлетін болады. Әйелдердің амандығы – ұлтымыздың табысты болашағының кепілі. Әрқайсыңызға зор денсаулық, бақыт және көктемгі көңіл-күй тілеймін!» делінген Президент құттықтауында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық