Топтасып адам өлтіру: Қаржаубайдың қорғаушылары істі қайта тергеуді талап етті
Фото: Orda.kz
Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша судья Ержан Жанұзақов істі прокурорларға қайтару туралы өтінішті екінші мәрте қанағаттандырмады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жолы мұндай өтінішті жәбірленуші тараптың адвокаттары білдірді. Олардың айтуынша, қылмыс топ болып, алдын ала сөз байласу арқылы жасалған. Сол себепті істің мән-жайын толық және әділ ашу үшін материалдарды қосымша тергеуге қайтару қажет.
Оларды басты айыпталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Әбенов қолдады.
«Қазіргі уақытта барлығы кінәні Абзал Шынасылға аударып жатыр. Ешкім өз жауапкершілігін мойнына алғысы келмейді. Біз тек осылай ғана шындыққа жете аламыз», — деді қорғаушы.
Алайда мемлекеттік айыптаушылар мұндай тұжырыммен келіспейтінін айтып, қорғаушылардың өтінішін қанағаттандырмауды сұрады. Судья Жанұзақов екі тарапты тыңдап болған соң, істі қайта тергеуге қайтаруға негіз жоқ деп шешті.
Айта кетейік, бұған дейін, 15 мамыр күні дәл осындай өтінішті айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаевтың адвокаты айтқан еді. Ол Нұрбол мен Азамат Тоқтаубаевтардың күдікті ретінде танылғаны жөніндегі қаулы тергеу материалдарында жоқ екенін мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық