«Толығымен тыйым салынды»: Электронды темекі ресми түрде заңсыз
Фото: pexels
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға және таратуға толық тыйым салынады.
Вейптерді әкелуге де, өндіруге де болмайды.
Рұқсат етілмеген жерде вейп тартқаны үшін айыппұл 3 АЕК-ке дейін (2024 жылы 11 076 теңге) болады. Бірақ вейп сұйықтығын немесе жаңа «бір рет қолданылатын» құрылғыларды сатып алу мүмкін емес болады. Ал заңды бұзып, оларды сатуға тәуекел еткендерге қылмыстық жаза: 200 АЕК-ке дейінгі (738 400 теңге) айыппұл немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.
Вейптерді әкелу және өндіру үшін жазалар қатаңырақ болады: 2000 АЕК (7,3 миллион теңге) айыппұл немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 2 жылға дейінгі шектеу/бас бостандығынан айыру жазасы. Егер бұл әрекеттер қылмыстық топпен бірнеше рет жасалған немесе ерекше ірі мөлшерде табыс алумен байланысты болса, жаза күшейтіледі: 5000 АЕК (18,4 миллион теңге) айыппұл немесе 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 5 жылға дейінгі шектеу/бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Сонымен қатар, заңда вейптерді сатумен қатар таратуды да қарастырған.
«Тарату дегеніміз вейптерді басқа адамдарға беру дегенді білдіреді. Тарату кез келген нысандағы материалдық және өзге де пайдасын ескермей қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады» деп түсіндірді ІІМ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық