Токиода 4 күндік жұмыс тәртібі енді
Фото: freepik.com
Токио билігі туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне байланысты 4 күндік жұмыс тәртібін енгізді, деп хабарлайды Orda.kz CNN телеарнасына сілтеме жасап.
Жапония астанасының билігі мемлекет қызметкерлерінің бәріне төрт күндік жұмыс аптасын енгізеді. Сәуірде күшіне енетін жаңа жарлық қызметкерлерге аптасына үш күн демалуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Токиода бастауыш сыныптарда оқитын баласы бар ата-аналарға жұмыстан ертерек қайтуға рұқсат берілуі мүмкін.
«Біз жұмыс істеу тәртібін қайта қараймыз. Енді ешкім бала туу немесе бала күтімі секілді үйдегі мәселелерге байланысты жұмыстағы мансабынан бас тартпайтын болады», - деп мәлімдеді Токио губернаторы Юрико Коикэ.
Жапонияда туу көрсеткіші көптеген жылдар бойы төмендеп, биыл маусымда тағы бір антирекордқа жеткен. Былтыр осы елде бар болғаны 727 277 бала дүниеге келген. Жапония үкіметі демографиялық дағдарысты еңсеру мақсатында түрлі бағдарламалар енгізіп жатыр. Мәселен, осы елде ер азаматтар бала күту үшін ақылы демалысқа шыға алады. Әлеуметтанушылардың көбі туу деңгейінің төмендеуін Жапониядағы еңбек мәдениеті мен өмір сүру құнының қымбаттауымен түсіндіреді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық