Токио Олимпиадасынан неге тікелей көрсетілім жасалмады?
Қазақстандық телеарналар Токио Олимпиадасынан неге тікелей көрсетілім жасай алмағанын түсіндірді.
Qazaqstan телеарнасы Токио Олимпиадасының кешегі көрсетілімінде неге қазақстандық спортшылардың жарысы, оның ішінде Елдос Сметовтың қола жүлде алған сәті қамтылмағанын түсіндіріп, мәлімдеме жасады.
— Құрметті көрермендер! Токиодағы Олимпиада ойындарын көрсету құқығы жарыстардың басында алынғандықтан, спорттық сындардан тікелей көрсетілім ұйымдастыруда белгілі бір қиындықтар бар. Құқықты сатып алмай тұрып сигналды қабылдайтын жабдықты тексеру және сынақтан өткізу мүмкін емес. Сондықтан телеарналардың алдын ала дайындалуға мүмкіндігі болмады. Техникалық ақаулардың пайда болу қаупін ескерсек те, бүгінгі Олимпиада бағдарламасы хабар тарату кестесіне енгізілген болатын. Алайда біздің отандастарымыздың кейбір жарыстарын жанкүйерлер тікелей эфирде көре алмады, – делінген мәлімдемеде.
Арнаның ресми мәліметі бойынша ел аумағында Токиодан тікелей көрсетілім ұйымдастыратын «Хабар» және Ұлттық арна мамандары кешелі бері аталған кемшілікті жоюды бастап кетті. Алайда бұл жұмыстар 3 күнге дейін созылуы мүмкін.
— «Қазақстан» ТРК АҚ және «Хабар» Агенттігі» АҚ қызметкерлері кемшіліктерді түзету үшін қолдан келгенін жасап жатыр. Сынақ режимінде сигнал алу бір-екі күнге созылуы мүмкін екенін еске саламыз. Егер мәселе ертерек шешілсе, ол туралы ресми парақшаларымыз арқылы хабарлаймыз, – делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық