Токио Олимпиадасына қатысқан гимнаст елдегі жағдай туралы айтты
Фото: Olimpyc.kz
Токио-2020 Олимпиада ойындарында 3 спорт түрінен финалға шыққан Милад Карими елде спорт алаңдары көбейсе деп ниет білдірді.
Бұл туралы Orda.kz «Студия 7» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.
Гимнаст өзінің Instagram парақшасында спортшылардың бірінің жаттығуы кезінде тартылу белтемірінің жұлынып кеткен сәті бейнеленген жазба жариялаған. Каримидің айтуынша, бұл елдегі гимнастикадағы жағдайдың қиын екенін көрсетеді.
Бұл жазба желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түскен. Карими жағдай ушығады деп ойламадым дейді, ол тек бар затты көрсеткен.
– Шындығына келгенде спорттық алаңдармен қиындықтар жоқ емес, өйткені Қазақстанда тек екі жақсы зал бар, олар Алматыда орналасқан. Негізінде бұл залда ұлттық құрама жаттығады, себебі мұнда жабдықтар басқа аймақтарға қарағанда жақсырақ.
Гимнастикада спорттық турникеттерде жаттығу кезінде бір нәрсе сынып немесе шығып кететін сәттер болып тұрады. Мен қоғам арасында мұндай дүрбелеңді күтпедім, алайда тіректің төрт рет сынуы бұл мәселе жөнінде ойланудың артық етпейтінін көрсетеді. Шамамен тірек жылына бір рет құлайды, мен жаттығу жасаған кезде де құлаған кездері болды. Корей елінде спорттық алаңда болған кезімде қатты таңқалдым, ол жақта жаттығу кешендері өте көп, бір түймені басып қалсаңыз платформа өзі көтеріліп шығады. Яғни, біздегідей төсенішті өзіңмен алып жүрудің қажеті жоқ, нағыз бір болашақ залы дерсің.
Жаттығу залдарына келетін болсақ менің балалық шағымнан келе жатқан арманым бар. Мен Қазақстанда спорттық мектептер көптеп ашылып, балалар спортпен айналысса деймін. Себебі гимнастика – барлық спорт түрлерінің негізі, - деді Карими.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық