Токио-2020: Қазақстандық балуандар есе жіберіп алды
Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен Мейрамбек Айнағұлов пен 76 келі салмақ дәрежесінде әйелдер арасынан Эльмира Сыздықова алғашқы кездесуден ақ сүрініп, қарсыласына есе жіберді.
Қазақстандық спортшы 60 келіде қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен бозкілемге шыққан болатын. Қырғыз спортшысы да осал емес. 2018 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ал Мейрамбек 2017 және 2019 жылдарда әлем чемпионатында екі медаль алған.
Дегенмен бүгінгі белдесуде қырғыз балуаны басым түсті. Мейрамбекті 8:0 есебімен ұтып кетті. Нәтижесінде ширек финалға жолдама алды.
76 келі салмақ дәрежесінде әйелдер арасынан Эльмира Сыздықова күреске түсті. Алғашқы айналымда оның қарсыласы қырғызстандық Айпері Медетқызы болды. Кездесу 8:1 есебімен қырғызстандық спортшының еншісіне тиді. Қырғызстандық Айпері Медетқызы финалға шыққан жағдайда Қазақстан спортшысы Эльмира Сыздықова жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады. Айта кетерлігі, жарыстың бірінші күні грек-рим күресінің балуандары да белдеседі.
Олимпиадада енді грек-рим күресінен Демеу Жадыраев (77 келі) пен Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) ел намысын қорғайды.
Сонымен қатар бүгін бокстан Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) пен Әбілхан Аманқұл (75 келі) шаршы алаңға шығады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық