Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі марқұм Бабақұмаровтың ісі сотқа жолданды
Фото: gov.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі Ержан Бабақұмаров былтыр, 2025 жылдың қазан айында қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, оны әлдекімдер соққыға жығып өлтірген, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды. Істі судья Айжан Құлбаева қарайды. Ол – 2024 жылы Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесін жүргізіп, экс-министрге үкім шығарған судья.
Ержан Бабақұмаров 1990 жылдары еңбек жолын Алматы әкімі аппаратының құрамында бастаған. Кейін Президент әкімшілігіне ауысып, ішкі саясат бағытын қадағалады және Назарбаевтың тұсында Ақпарат орталығын басқарды. 2006 жылы мәдениет вице-министрі болып тағайындалып, кейін премьер-министр Кәрім Мәсімовтің кеңсесінде жұмыс істеді.
2019 жылы ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі атанды. Сол жылы Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Қаңтар оқиғасынан кейін Бақытжан Сағынтаевпен бірге қызметінен кеткен. Соңғы лауазымы — президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.
Бабақұмаров 56 жаста еді. Артында жұбайы, ұлы мен қызы қалды.
Айта кетейік, Ақтау полицейлері Каспий теңізіне батып кете жаздаған жасөспірімді аман алып қалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық