Тоқаевқа қазақстандық мұнай бағасының өсуі туралы хабарланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады.
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компания қызметінің нәтижесі жөнінде мәлімет берілді. Биылғы 8 айда мұнай және газ конденсатын өндіру, мұнай тасымалдау және қайта өңдеу көрсеткіштері бойынша өсім бар екені атап өтілді.
Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнайдың отандық бренді KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) өндірісін бастады. Қазіргі таңда KEBCO мұнайының экспорт көлемі тұрақты түрде артып келеді. Бұл ретте KEBCO мұнайының бағасы биылғы тамыз айында Brent мұнай маркасының бағасынан асып түсті.
Сондай-ақ президентке мұнай өңдеу зауыттарынан жанар-жағармай жөнелту қарқыны, соның ішінде күзгі жиын-терін маусымында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттілігін қамтамасыз ету ісі жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» компаниясы егін жинау науқанына 426 мың тонна дизель отынын бөлген.
Сонымен қатар мемлекет басшысына компанияның танкер флотын кеңейту, соның ішінде Каспий теңізі мен басқа да ашық теңіз акваторияларында энергетикалық ресурстарды тасымалдауға арналған ірі тоннажды танкерлер санын көбейту жұмыстары туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның өңірлерде жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалары жөнінде есеп берілді. Атап айтқанда, президентке Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын ауызсумен қамтамасыз ету үшін жаңа су тұшыту зауытының құрылысы басталғаны және Астрахан – Маңғышлақ магистральды су құбырын реконструкциялау жұмыстарының барысы жөнінде баяндалды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көмірсутегі экспортын арттыру және геологиялық барлау жұмыстарының ауқымын кеңейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Сондай-ақ президент мұнай мен газды терең өңдеу саласына баса мән беру маңызды екенін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық