Тоқаев Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады
Еліміздің боксшысы Жәнібек Әлімханұлы 15 қазан күні таңертең неміс Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутқа түсірді. Ол орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына IBF белбеуін қосты.
«Жәнібек қазақ бокс стилінің кереметі мен құдіретін барша әлемге тағы бір паш етті. Сіздің жеңісіңіз жас қазақстандықтарды нәтижеге жетуге ынталандырады. Сіздерге бақыт, денсаулық және спортта жаңа биіктер тілеймін!» деп Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.
Розенберг қаласындағы (Техас, АҚШ) Fort Bend Community Center аренасында өткен бокс кешінде Әлімханұлы - Гуальтиери жекпе-жегі өтті.
Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысының еншісінде қазір кәсіпқойлар арасында 15 жеңіс бар, оның 10-ында нокаутпен жеңіске жеткен. Ал бұл Гуальтиери мансабындағы алғашқы жеңілісі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық