Тоқаев вице-премьер Қанат Бозымбаевты қабылдады
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үкіметтің су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Премьер-министрдің орынбасары бүгінде 64 мыңнан астам адамның өз үйлеріне оралғанын айтты. Эвакуациялық пункттерде тұрғындарға қажетті көмек көрсетілуде. Табиғат апаты кезінде жалпы 11 998 тұрғын үйді, 5359 саяжай құрылысын су басқан.
Қанат Бозымбаевтың айтуынша, зардап шеккен өңірлерде 16715 үй тексеруден өткен. Оның ішінде 15 464 нысанды бағалау жұмыстары аяқталған. Бағалау нәтижесі бойынша 9903 үйді жөндеуге болады, ал 6875 үй қалпына келтіруге жарамсыз деп танылды. Жарамсыз үйлердің орнына нарықтан 4525 үй мен пәтер сатып алу, сондай-ақ типтік жобамен 2350 үй салу жоспарланып отыр.
Бүгінде нарықтан 1814 пәтер мен үй сатып алу үшін келісімшарттар жасалған. Зардап шеккен аймақтардағы 841 отбасы бұрынғы бұзылған үйлерінің орнына жаңа баспанаға қоныстанды.
Қазіргі уақытта 4521 отбасы үйлерін жөндеу және қалпына келтіру мақсатында 57,4 миллиард теңге көлемінде өтемақы алды. Жалпы, тұрғын үйлерді қалпына келтіруге 237 миллиард теңге қажет.
Сонымен қатар Тоқаевқа бірреттік төлемдерді төлеу үшін үкімет тарапынан қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды. 2024 жылғы 6 маусымдағы жағдай бойынша 31642 отбасы 100 АЕК мөлшерінде бірреттік төлемақы алды (барлығы 32440 отбасыдан өтініш түсті). Оған жұмсалған қаржы сомасы 11 миллиард теңгеден асады.
Бұл бағыттағы жұмыстар Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Абай, Ұлытау облыстарында толық аяқталды. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарында төлем беру жалғасып жатыр.
Бүлінген дүние-мүлікке жүргізілген бағалау ісі аяқталғаннан кейін зардап шеккен тұрғындарға ең қажетті заттар сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде қосымша өтемақы төленеді (5489 отбасы 4 миллиард теңге көлемінде өтемақы алды).
Зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмыстары басталды.
Қазіргі уақытта өңірлік комиссиялар шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы сомасы шамамен 377 миллион теңге болатын 34 өтінімін қарап, мақұлдады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен тұрғын үйлерді бағалау, техникалық тексеру жүргізу ісін жеделдетуді, сондай-ақ оларды салу мерзімі мен құрылыс сапасын бақылауға алуды тапсырды.
Жаңалықтар
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді