Тоқаев Украина президенті Зеленскиймен кездесті
Фото: Ақорда
БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Нью-Йоркте Қазақстан мен Украина президенттерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Екі ел президенті экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың Украинаны қайта қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға деген қызығушылығын талқылады. Владимир Зеленский еліндегі жағдай жөніндегі өз көзқарасын ортаға салды.
Қасым-Жомарт Тоқаев аса күрделі дағдарыс жағдайында қақтығысты тоқтатудың жолдарын іздеуде дипломатиялық жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Кейінірек Владимир Зеленский кездесу туралы кездесу жайлы былай деп жазды:
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездестім. Қазіргі кезеңдегі басты міндет — сенімді қауіпсіздік кепілдіктерімен әділетті әрі берік бейбітшілікке қол жеткізу».

Зеленскийдің айтуынша, әңгіме барысында Украина, АҚШ, Еуропа және әлемнің өзге де серіктестерінің соғысты тоқтатуға бағытталған күш-жігері жан-жақты талқыланған.
«Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін Қазақстанға алғыс айтамын», — деп қосты Зеленский.
Еске сала кетсек, Астана қаласы Ресей, АҚШ және Украина президенттерінің кездесуіне дайын екені жайлы жазған едік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық