Тоқаев ҰҚК-ға жаңа өкілеттік берді
Фото: ҰҚК
ҚР Қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді. Енді бұл ведомство тек ел қауіпсіздігі үшін ғана емес, сонымен қатар стратегиялық ресурстарды басқару үшін де жауапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Тоқаев 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» президент жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін құжатқа қол қойды.
Жаңартылған ереже Қауіпсіздік комитетінің қаржылық мониторинг және мемлекеттік материалдық резервтерді басқару саласындағы функцияларын кеңейтуді көздейді. Стратегиялық байлық – елдің тірегі деп айтсақ артық айтқандық емес. Стратегиялық байлыққа мұнай, газ, көмір сияқты энергетикалық ресурстар, таза су қорлары, негізгі азық-түлік қоры, металл және фармацевтикалық шикізаттар, сондай-ақ қорғанысқа қажетті қару-жарақ пен техника жатады. Бұл қорлар елдің төтенше жағдайдағы тіршілігін қамтамасыз етеді және қауіпсіздіктің кепілі болып саналады.
Қауіпсіздік комитеті енді өз мәліметтерін басқа мемлекеттік органдарға жібере алады. Бұл ақша жымқыру, терроризмді қаржыландыру және басқа да қауіпті схемаларды тез ауыздықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ҰҚК мемлекеттік резервтерді басқаруға жауапты болады. Яғни, не қанша сақтау керектігін, қашан қолдану қажет екенін және оған қанша қаржы кететінін шешеді. Бұл есептерді комитет үкіметке ұсынады.
Заңның мәтінін назарларыңызға ұсынамыз:
14-тармақтың 2) тармақшасының жиырма сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер беру;»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 34-2), 34-3), 34-4), 34-5), 34-6), 34-7), 34-8) және 34-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«34-2) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша және номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізу;
34-3) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешімдер қабылдау;
34-4) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдеріне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын жеткізіп беруге арналған тапсырыстарды орналастыру;
34-5) жаңарту тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешімдер қабылдау;
34-6) алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асыру;
34-7) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резерві материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешімдер қабылдау;
34-8) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастыру;
34-9) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау бойынша шығыстардың көлемі мен құрылымы жөнінде ұсыныстар енгізу;».
2. Осы Жарлық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық