Тоқаев темір тордың ар жағындағы 15 мыңнан астам адамға рақымшылық жасады
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер және құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында түрмедегі азаматтардың тағдырын сөз етіп, рақымшылық туралы заңға қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы түзету жүйесін жаңғырту қажеттігін атап өтті.
«Үш жыл бұрын өткен жалпыұлттық референдумда халықтың басым бөлігі Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдады. Осы реформалар аясында еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Адам құқығын қорғау жүйесіне де зор өзгерістер енгізілді. Конституциялық Сот құрылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық мәртебе берілді. Өлім жазасы толық жойылды. Бұл — адам, оның өмірі мен құқығын ең жоғары құндылық деп танитын Конституция рухына сай шешімдер», — деді Тоқаев.
Президент атап өткендей, биыл Ата Заңның қабылданғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға орай құқық қорғаушылар, депутаттар мен қоғамдық ұйымдар сотталғандарға рақымшылық жасау бастамасын көтерген.
«Тиісті заң Парламентте қаралып, мен оған қол қойдым. Рақымшылық 15 мыңнан астам сотталған адамды қамтиды. Соның ішінде 2 мыңға жуық адам бостандыққа шығады. Қалғандарының жаза мерзімі қысқарады. Бұл — ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған, көбіне әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын — жасөспірімдер, қарттар, баласы бар әйелдер сынды азаматтарға қатысты шара», — деді президент.
Тоқаевтың айтуынша, бұл рақымшылық қоғамға қайта оралғысы келетін азаматтарға жол ашуы тиіс.
Бұдан бөлек, Президент түзеу жүйесін қайта қарау қажеттігін де айтты. Оның сөзінше, түрме — тек оқшаулау орны емес, адамның қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етуі тиіс.
«Кей елдерде жаза мерзімін қысқартатын арнайы "кредиттік жүйе" бар. Ол үшін жазасын өтеуші тәртіп бұзбай, білім алып, спорт немесе мәдени шараларға қатысуы тиіс. Үкімет пен Бас прокуратура бұл тәжірибені зерттеп, қазақстандық модель ұсынуы керек», — деді Тоқаев.
Президенттің пайымынша, сотталғандарды еңбекпен қамту да маңызды. Осы тұста ол бизнес өкілдерін түзету мекемелерінің жанынан шағын өндіріс орындарын ашуға шақырды.
«Шетелде мұндай әріптестік қалыпты тәжірибе. Мұнда жұмыс істеген адам босап шыққанда аяққа тұрып кетуі оңай. Тиісті дағды мен табысы болады», — деді мемлекет басшысы.
Сөз соңында президент бизнес құрылымдарына түзеу жүйесімен әріптестік орнатудың басқа да бағыттарына назар аударуға шақырды. Мәселен, ірі компаниялардың бірі Алматыда кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға арналған жаңа тәрбие мекемесін өз қаражатына салып жатыр. Үкіметке осындай жобаларды кеңейтіп, өзге де бизнес өкілдерін тарту тапсырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық