Тоқаев Тәжікстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Orda.kz порталы Ақордаға сілтей отырып.
Мемлекеттер басшылары бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен құттықтап, Қазақстан мен Тәжікстан халқына бақ-береке тіледі.
Тәжікстан Президенті еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты қолдау білдіріп, қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы тілеулестік танытқаны үшін Тәжікстан Президентіне алғыс айтып, қазіргі таңда су тасқынымен күрес жұмыстары толықтай бақылауда екенін, Үкімет апат салдарын жою үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатқанын айтты.
Тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі нығайту перспективасын талқылады.
Екі ел үкіметіне саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру тапсырылды.
Мемлекеттер басшылары қазіргі халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін қарастырды.
Жаңалықтар
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға