Тоқаев Сыроежкинге рақымшылық жасады
Коллаж Orda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жарлығымен белгілі синолог Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады, деп хабарлады Orda.kz саясаттанушы Андрей Чеботаревке сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Рақымшылық істері жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықпен белгілі синолог, саяси ғылымдар докторы, профессор Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады. Осыған байланысты оның соттылығы жойылып, құқықтары қалпына келтірілді. Жалпы, әділдік салтанат құрды! Әріптесіміз бен тәлімгерімізге зор денсаулық және жаңа ғылыми жетістіктер тілеймін!» деп жазды Чеботарев өзінің Telegram-каналында.
Еске салайық, 2019 жылғы 7 қазанда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Сыроежкин мемлекетке опасыздық жасағаны үшін айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеуге сотталған болатын.
Жаңалықтар
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады
- Дәрігерлер әйелден салмағы алты келіден асатын ісікті алды
- Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы береді
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді