Тоқаев судьялар мен сот алқалары төрағаларын тағайындады
Фото: Егемен Қазақстан
Мемлекет басшысы «Сот алқаларының төрағаларын және судьяларды қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Назгүл Рахметуллина тағайындалды.
Ғалымжан Насырдинов Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы болып тағайындалды.
Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатылған Айдос Сұлтанов Түркістан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Ербол Рахымбеков Шымкент қалалық сотының төрағасы қызметінен босатылып, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Алматы облыстық сотының төрағасы болып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Талғат Ибрашев тағайындалды.
Әділхан Шайхисламов Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатылып, Шымкент қалалық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді