Тоқаев су тасқыны туралы: Алдағы 10 күн ең қиын болады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумақтарын аралап шыққаннан кейін су тасқынынан эвакуацияланған тұрғындармен кездесті.
Президент азаматтармен сұхбатында мемлекет барлық қажетті шараларды қабылдайтынын айтты. Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына біржолғы төлем жасалуда. Комиссияның бағалауынан кейін жергілікті халыққа мүлік шығыны өтеледі. Үйлері қалпына келтіруге келмейтін тұрғындар үшін жаңа баспана салынып, барлық қажетті инфрақұрылым қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар оларға несие мен қарыздарын кейінге қалдыру қарастырылған.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетіледі.
«Біз қазір қиын кезеңді бастан өткеріп жатырмыз, екінші жағынан, су бірте-бірте төмендейді, бірақ қазір бізде бүкіл елді қалпына келтіру және осы апаттың салдарын жою үшін жоғарыда айтқанымдай, біз осы су тасқыны салдарынан болған барлық шығынды өтейміз , әрбір отбасы мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынатын болады, бұл енді мен үшін басымдық»,- деді президент.
Бұған дейін Тоқаевтың Солтүстік Қазақстан облысына келгені хабарланған болатын. Мемлекет басшысының жұмыс сапары Қызылжар ауданы, Петропавл қаласының іргесін қарау, сондай-ақ Сергеев су қоймасының үстінен ұшудан басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық