Тоқаев Солтүстік Қазақстанға келді
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына келді. Мемлекет басшысының жұмыс сапары Қызылжар ауданы, Петропавл қаласының іргесі, сондай-ақ Сергеев су қоймасының үстінен ұшудан басталды.
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов президентке су тасқыны Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласы арқылы өтіп жатқанын баяндады.
Алты ауданда төтенше жағдай жарияланды. Бүгінгі таңда 20 мыңнан астам тұрғын үйді су басып, 10 345 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 5270 адам мен 906 техника жұмылдырылғаны айтылды.
«Тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде» делінген қорытындыда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына іссапармен барды. Одан кейін су басқан аймақтардың үстінен де ұшып өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық