Тоқаев Си Цзиньпинді көктем мерекесімен құттықтады
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Си Цзиньпинді және Қытай халқын Чуньцзе мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қытай Халық Республикасының құрылғанына 75 жыл толуымен тұспа-тұс келген Айдаһар жылы мемлекеттің одан әрі гүлденуі жолындағы жаңа жетістіктермен ерекшеленетініне сенімдімін. Сіздің стратегиялық маңызды бастамаларыңыз бен алдағы жоспарларыңыздың табысты болуын шын жүректен тілеймін. Екі ел ынтымақтастығының келесі «алтын 30 жылдығы» аясында біз ең биік мақсаттарға жететінімізге сенімдімін. Мен халықтарымыздың жарқын болашағы жолындағы сындарлы әріптестігімізді жаңа деңгейге көтеруге ерекше мән беремін» деп жазды Тоқаев жеделхатында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге жауапты қызметінде табыс, ал достас Қытай халқына амандық пен жетістік тіледі.
Чунцзе мерекесі бейресми түрде Қытай жаңа жылы ретінде белгілі. Сөзбе-сөз аударғанда көктем мерекесі дегенді білдіреді. Бұл Қытайдағы және Шығыс Азияның басқа елдеріндегі басты және ең ұзақ мереке. 2024 жылы ол 10 ақпанға сәйкес келеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық