Тоқаев шойынжол қызметкерінің қолшамын сыйлыққа алды
Фото: ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының инновациялық бастамаларымен танысқаннан кейін, теміржол саласының ардагерлерімен жүздесті.
Олардың қатарында Қалтай Сәмбетов, Борис Есенаманов, Марат Хамзин, Болатбек Дүйсемәлиев, Қуаныш Котырев, Ескендір Рахметжанов, Оразғали Ахметбаев сияқты құрметті теміржолшылар болды.
Мемлекет басшысы аталған салада ұзақ жыл еңбек еткен тәжірибелі мамандармен теміржолдың даму перспективасы жөнінде пікір алмасты.
"Жол – тіршілік көзі. Теміржол болмаса, экономика дамымайды. Мен теміржол саласын өркендетуге баса мән беремін. Бүгін Сиань қаласында жаңа құрғақ порттың ашылуына байланысты маңызды шара өтті. Шын мәнінде, көлік-логистика саласы – басымдыққа ие бағыт. Қазір мемлекеттер көлік-логистика мүмкіндіктеріне ие болу үшін бәсекеге түсіп жатыр. Қазір, ең басты әлеует – табиғи ресурстар емес, тауар тасымалдау, логистикалық тізбектерді жолға қою. Еңбектеріңізді бағалаймын. Ең бастысы, сіздердің қызметтеріңізді қоғам айрықша құрметтейді. Сіздер мол тәжірибелеріңізге сүйене отырып, тиісті министрлік пен теміржол басшыларына ұсыныстар мен құнды кеңес бересіздер деп сенемін. Сондықтан бірге жұмыс істеуіміз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде ардагерлер теміржол саласында кадр мәселесі көп нәрсені шешетінін айтты. Олардың пікірінше, темірдей тәртіп, еңбекқорлық, берілген тапсырманы бұлжытпай орындайтын кәсібиліктің арқасында теміржолшылар өздеріне жүктелген міндетті орындап келе жатыр.
Сонымен қатар олар көлік саласы ел экономикасында жетекші рөл атқаратынын атап өтіп, соңғы жылдары жүк тасымалының көлемі ұлғая түскенін, арнайы Көлік министрлігін құру нәтижесінде саланы дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді.
Ардагерлер биыл негізі қаланғанына 120 жыл толған, ел экономикасының күретамыры саналатын теміржол тоқтаусыз жүре берсін деген тілекпен Мемлекет басшысына шойынжол қызметкерінің қолшамын тарту етті.
Жаңалықтар
- Қазақстан —Қытай арақатынасы нығая түспек: Гуанчжоуда бас консулдық ашылды
- Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі ертең Майамиде өтеді
- Трамптың арнайы өкілі Иранмен қақтығысты реттеудің төрт шартын атады
- Атырауда автобус ішінде жасөспірім қыздар төбелесіп қалды
- Елімізде таңбаланбаған ЖИ-контент үшін айыппұл қарастырылатын болды
- Алыпсатарлар кесірінен теңге күрт құлдырауы мүмкін
- Атырауда бір отбасының жоғалуы: Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары тоқтатылды
- Қысқы Олимпиаданы тікелей эфирден қайда көруге болады
- Оспадарсыз әлеуметтік сақтандыру: қайтыс болғандарды қабылдауға жазып, ер адамдарды әйелдерге арналған скринингтен өткізген
- Алматының тынысы тарылды: энергетика министрі ЖЭО-3-тің жұмысын сынады
- Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашқан жігіт ұсталды
- Еліміздің шығысында -45 градусқа дейін суытады: 12 облыста дауылды ескерту жарияланды
- Маржан Арапбаеваны ұрып, шашынан сүйреген азаматтық күйеуі қамалды
- Гүлнәр Бажкенованы енді кім қорғамақ? Мұрат Адам лицензиясынан айырылды
- Алматы облысында автобустың әйнегін сындырған үш адам ұсталды
- Мұрат Адам адвокаттық лицензиясынан айырылды
- Дінмұхамед Қонаевтың туған қарындасы қайтыс болды
- «Қанды сейсеп көрсетіп, сүйінші сұраған»: Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашып, зорлады деп мәлімдеді
- Солтүстік Қазақстанда аязда қалып, үсікке ұрынған зейнеткер көз жұмды
- Тоқаев банктер туралы жаңа заңға қол қойды: қандай өзгеріс болады