Тоқаев Shell қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық «Шелл» энергетикалық концерні еліміздің мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы алғашқы шетелдік инвесторлардың бірі екенін атап өтті.
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Президенттің айтуынша, «Шелл» концернінің Қазақстандағы қызметінің 30 жылдығы сала тарихындағы маңызды кезең саналады.
«Қиын-қыстау жылдары «Шелл» экономикамызға қомақты инвестиция құйып, жаңа технология, ғылыми жетістіктер мен басқарудың баға жетпес тәжірибесін әкелді. Біз компанияның бұл еңбегін жоғары бағалаймыз. Соңғы 30 жылда «Шелл» ел экономикасына 18 миллиард доллардан астам инвестиция салып, Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвесторлардың бірі ретіндегі позициясын нығайтты»,- деді мемлекет басшысы.
Президент «Шелл» концерні басқа да серіктестермен бірге елімізде ауқымды мұнай-газ жобаларын белсенді жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Компания әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсаты кен орындарының бірі – Қарашығанақтың операторы саналады. Қарашығанақты кеңейту жобасының кезеңдерін уақтылы іске асыру сұйық көмірсутегін өндіруді 10-11 миллион тонна деңгейінде сақтауға ықпал етеді.
Атап айтқанда, Қазақстандағы «Шелл» концерні төрағасының орынбасары Құралбек Келжанов III дәрежелі «Барыс» орденімен, мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі менеджер Дияс Жұбандықов «Құрмет» орденімен, еңбек ресурстары және сервистік қамтамасыз ету жөніндегі директор Сұлушаш Ізбасарова мен кен орындарын игеру жөніндегі менеджер Ғаділбек Өксікбаев «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық