Тоқаев Сейітқазы Матаевты «Құрмет» орденімен марапаттады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейітқазы Матаевты «Құрмет» орденімен марапаттады.
Мемлекет басшысының атынан орденді Қазақстан Журналистер одағы басқармасының басшысына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев табыс етті.
Матаевтың мерейтойына арналған салтанатты шарада Президент Тоқаевтың атынан құттықтау мәтінін Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов оқыды.
Белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы, қоғам қайраткері Сейітқазы Матаев 31 қазанда 70 жасқа толды.
Сейітқазы Матаев КСРО тарап, Қазақстан тәуелсіздік алған 90-жылдары иесіз қалған ҚазТАГ-ты (ТАСС-тың Қазақ ССР-індегі филиалы) аяқтан тұрғызып, өзінің жеке бастамасымен, жеке қаражатын жұмсап көп еңбек сіңірді, бүгінде ҚазТАГ елімізге ғана емес, шетелге де танымал әрі беделді БАҚ саналады.
Тәуелсіз Қазақстанда ең алғашқы Баспасөз клубын ашқан да Сейітқазы Матаев. Ол кісі Алматыда 2000-жылдардың басында құрған Ұлттық баспасөз клубы қазір тәуелсіз қоғамдық-саяси платформаға айналды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық