Тоқаев Сейдахмет Құттықадамның туған-туыстарына көңіл айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Тоқаев белгілі журналист, ғалым, қоғам қайраткерінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Сейдахмет Рысқожаұлы көп жылғы еңбегінде отандық ғылым мен отандық журналистиканың дамуына зор үлес қосып, лайықты ұрпақ өсірді. Белсенді азаматтық ұстанымының арқасында ол қоғамда лайықты құрметке ие болды. Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін баршаның жүрегінде мәңгі сақталады» деп жазды президент.
Бұған дейін қазақ жазушысы, публицист, саясаттанушы Сейдахмет Құттықадамның 78 жасында дүниеден өткені белгілі болған еді.
Сейдахмет Құттықадам Түркістан қаласында дүниеге келген. 1991 жылдан бастап кәсіби журналистикамен айналыса бастады. «Арай» журналы, «Время-дәуір» және «Дәуір» газеттері, «Мысль» журналы сияқты республикалық басылымдардың бас редакторы болды.
Жаңалықтар
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады