Тоқаев "Самұрық-Қазына" басшысын қабылдады
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Нұрлан Жақыпов Қор қызметінің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі нәтижелерін және алдағы кезеңге арналған жоспарларын ұсынды.
"Қор тікелей шетелдік инвестициялардың катализаторы ретінде әрекет етеді және шетелдік серіктестермен бірлесіп мұнай – газ химиясы, энергетика, көлік және логистика, машина жасау, цифрландыру жобаларына бірлесіп инвестициялайды" деп хабарлады Ақорда.
"Самұрық-Қазына" тобының инвестициялық портфелі 53,5 трлн теңгеге 130-дан астам жобаны қамтиды. Мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика, логистикалық салаларда және тау-кен өнеркәсібінде мегажобаларды іске асыру тұтастай алғанда ел экономикасына мультипликативтік әсер береді деп күтілуде.
Қор басшысы Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясындағы Қордың қайырымдылық жобалары туралы айтып берді. Жыл соңына дейін елімізде 40 оңалту орталығын ашу жоспарлануда.
Президент инвестициялық және әлеуметтік жобаларды іске асыру, сондай-ақ қор жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты міндеттерді белгіледі.
Жаңалықтар
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді
- Маңғыстауда жасөспірім қызды бірнеше адам жабылып ұрып-соққан
- «QARMET» АҚ-ға 1,5 млрд теңге залал келтірген ҰҚТ-ның 13 қатысушысы сотталды
- Тоқаев: Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады
- Тоқаев Құрылтай спикері қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды