Тоқаев Ресейдің жетекші мыс өндіретін компания басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның еліміздегі өндірістік қызметі, өңдеу қуатын арттыру және холдингтің өнеркәсіп нысандары орналасқан аймақтардағы әлеуметтік міндеттерді шешу жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Аталған РМК Ресейдегі жетекші мыс өндіруші. Компания өз қызметінде тиімділік пен сенімділік қағидаттарын басшылыққа алады. Табиғатты қорғау, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару саласындағы үздік тәжірибелерді енгізеді.
Компания кен өндіру мен байытудан бастап дайын өнімді шығару мен сатуға дейінгі толық циклді іске асырады. Компания өз қызметінде тұрақты даму қағидаттарын ұстанады. Бизнес-міндеттерді шеше отырып, компания қоғамның ұзақ мерзімді экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мүдделерін қамтиды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Прокурорлар Жақсылық Омарға алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Ақтөбеде ер адам өз үйіне түскен ұрыны өзі ұстап алды
- «Болашақ» бағдарламасында қандай өзгерістер болады? Саясат Нұрбек жауап берді
- Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды
- Боқаевтың жақтастары оған қатысты істі тікелей эфирде ашық түрде қарауды талап етті
- Тоқаев Ресейдің жетекші мыс өндіретін компания басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады
- Қаныш Сәтбаев: халқым менен де биік. Қазақстандағы қазбалы байлықтың ғылыми жүйесін құрған ғалым
- Сағын сындыру үшін жасалған әрекет: Заңгер Әділетхан Молдаханның інісі мәлімдеме жасады
- Жетісулықтар тағы бір жер асты дүмпуін сезді
- Бес әнімнің ақысын бермеді деген композиторға әншінің өзі арыз жазды
- Ұсталған Әділетхан Молдахан туралы не белгілі?
- Сәуірден бастап бақылау күшейеді: аударымдар да назарда
- Елімізде пойыз қозғалысын реттеуде Starlink спутник жүйесі қолданылады
- Баян Алагөзова: Радикализм, «Алтын Ханым» және әл-Фарабидегі апаттар
- Жетісу облысында магнитудасы 5,4-ке тең жер сілкінісі болды
- Алматыда әр бесінші мопед тіркелген: Курьерлік қызметтер мотокөлікті көбейтіп жіберді
- Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты: зардап шеккендердің жағдайы қандай?
- Елімізде 400-ден аса жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
- Санжар Боқаев бұлтартпау шарасымен екі айға қамалды
- Мүлкін иемденгісі келген: Павлодарда әйелін әдейі суға батырып өлтірген ер адам сотталды