Мүлкін иемденгісі келген: Павлодарда әйелін әдейі суға батырып өлтірген ер адам сотталды
Фото: freepik.com
Павлодар сотында пайдакүнемдік ниетпен әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Соттың мәліметінше, ер адам мен оның жұбайының арасында құны 125 миллион теңгеден астам коммерциялық кәсіпорынның меншігіне байланысты ұзақ уақыт бойы мүліктік жанжал болған. Әйел ажырасуға шешім қабылдаған.
Ал күйеуі ЖШС жұбайының меншігі болғандықтан, бар байлығынан айырылып қаламын деп қорыққан. 2024 жылдың тамыз айында ер адам пайдакүнемдік ниетпен әйелінің дүниесіне мұрагер болып қалу үшін оны өлтіруге шешім қабылдайды. Ер адам әйелімен өзенге барып, қайыққа отырады. Қаскөй әйелін қайықтың шетіне отырғызып, кенеттен қайықты тербеткендіктен, әйел тепе-теңдігін жоғалтып, суға құлап кеткен. Ер адам әйелінің шашынан ұстап, суға қалқып шықпауы үшін оны батыра бастаған. Әйел сол жерде көз жұмды.
Сот бұл қылмыстың аса ауыр қылмыстар санатына жататынын мәлімдеп, ер адамды 15 жылға соттады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық