Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты: зардап шеккендердің жағдайы қандай?
Фото: Алматы облысы ПД
Алматы облысында жолаушылар автобусының пойызбен соқтығысуы салдарынан алты адам зардап шекті. Олардың қазіргі жағдайы туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомствоның мәліметінше, барлық зардап шеккендер Іле ауданының орталық аудандық ауруханасына және Боралдай кентінің аудандық ауруханасына жеткізілген.
«Тексеруден өткізіп, қажетті зерттеулер жүргізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін науқастар амбулаторлық жағдайда әрі қарай емделуге жіберілді. Жағдай Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында», деп хабарлады басқарма.
Еске салсақ, оқиға 2026 жылғы 30 наурызда Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы автожолындағы теміржол өткелінде болған. Алматы облысы полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, көмір тиеп станциядан шыққан пойыз өткелден өтіп бара жатқан, алайда маршруттық автобустың жүргізушісі оған жол бермеген.
Полиция қызметкерлері жүргізушіні жауапкершілікке тартты.
Оқи отырыңыз:
- Сапасыз жолдан көлігіңіз сынса — «ҚазАвтоЖол» ақы төлейді
- Санжар Боқаев бұлтартпау шарасымен екі айға қамалды
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның ұсталғанын полиция растады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық