Тоқаев баршаға тең мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстан туралы айтты
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев баршаға тең мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құрып жатқанымызды айтты. Оның айтуынша жуырда қабылданған жаңа Конституция еліміздің жасампаз әлеуетінің айқын көрінісіне айналды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Жұртшылықпен ақылдаса отырып әзірленген Жаңа Халық Конституциясы ұлттық рухымыздың қуаты мен ауызбіршілігімізді, толеранттылығымызды паш етеді. Заң мен тәртіп үстемдік ететін, білім, ғылым, мәдениет, технология, табиғатты аялау және спорт құндылықтары дәріптелетін қоғамда өмір сүруге деген ортақ ниетімізді көрсетеді. Тәуелсіздігіміз, егемендігіміз бен мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, еңбекқорлық, жауапкершілік, патриотизм, сондай-ақ адами капиталды жан-жақты дамыту сияқты маңызды қағидаттар Ата заңымызға арқау болды» ,— деді президент.
Сондықтан халқымыз конституциялық реформаны біртұтас қоғам болып жаппай қолдады, әр азаматымыз еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс берді. Себебі мән-мазмұны жаңарған Конституция әр адамның дамуына жағдай жасайды. Ата заңда адам капиталын, яғни, білім, ғылым саласын және инновацияны дамыту елдің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды.
«Ұлт саулығын сақтауға баса мән берілді. Конституциямыздың басты мақсаты – еліміздің Тәуелсіздігін, Егемендігін және жерінің тұтастығын қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету. Енді алдымызда тұрған өзекті мәселе – Конституциямыздың негізгі қағидаттарын елімізде және шетелде кеңінен түсіндіру және дәріптеу. Қазақстан параспортшылары өздерінің тамаша жетістігімен, жарқын жеңісімен мемлекетіміздің мызғымас құндылықтарын нығайтуға мол үлес қосып жүр деп айтсақ артық болмас, – деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар президент бапкерлерге, демеушілерге, дәрігерлерге және параспортшылармен жұмыс істейтін барша маманға ризашылығын білдірді
Мемлекет басшысы Ербол Хамитовтың жетістікке жету жолында оның бапкерлері айрықша рөл атқарғанына назар аударды.
«Сіздер Ербол Хамитовқа білгендеріңізді үйретіп, тәжірибелеріңізбен бөлістіңіздер. Оның чемпионға тән табандылық танытып, биік мақсатқа ұмтылатын күрескер мінезін шыңдадыңыздар. Олимпиада жылнамасына есімін жазған белгілі, көрнекті спортшы болуына күш салдыңыздар. Сіздерге алғыс айтамын. Орайлы сәтті пайдаланып, бапкерлерге, демеушілерге, дәрігерлерге және параспортшылармен жұмыс істейтін барша маманға ризашылығымды жеткізгім келеді» ,— деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, атлеттеріміздің жетістігі – өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Табысқа жету формуласын бәрі біледі. Алайда асқақ мұратқа қол жеткізу үшін көптеген игіліктен және өмірдің қызығынан бас тартып, қиын жолды еңсеруге екінің бірі тәуекел етпейді.
«Әлем біріншіліктерінде жеңіп алған әр медаль еліміздегі бұқаралық спорттың дамуына зор серпін береді. Бұл өте маңызды. Өйткені спортпен шұғылданатын, өз-өзін қамшылап, күн сайын шыңдайтын, сондай-ақ темірдей тәртіпке үйренген адамдар тіршіліктің тауқыметіне мойымайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бұл ретте паралимпиадашылардың жөні тіптен бөлек. Олардың өмірі – нағыз ерліктің, қайтпас қайсарлық пен мұқалмас ерік-жігердің үлгісі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент «Ұлттық паралимпиада құрамасының әр мүшесі Қазақстанның шексіз мүмкіндіктер елі екенін әлемге әйгілегенін» баса айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде мемлекет тарапынан паралимпиада саласына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын да атап өтті.
«Былтыр елімізде 4 заманауи инклюзивті спорт кешені жұмыс істей бастады. Алдағы уақытта осындай орталықтар әрбір аймақта көбірек ашылуы керек. Біздің демеушілер осы өте маңызды жұмыстан тыс қалмауы қажет деп ойлаймын. Жалпы, мемлекет паралимпиада қозғалысын қолдауға айрықша мән береді, бұл бағытты қаржыландыру көлемі де ұлғайды. Параспортшыларымыздың өжет мінезі мен мұқалмас жігері – көпке үлгі, өскелең ұрпаққа өнеге. Ұлттық паралимпиада құрамасының әр мүшесі Қазақстанның шексіз мүмкіндіктер елі екенін әлемге әйгіледі. Осыған орай, мен сіздерді жоғары мемлекеттік наградамен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым. Баршаңызға құтты болсын! Амандық, табыс тілеймін!» – деді президент.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық қатынас дами беретініне сенім білдірді
- Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
Жаңалықтар
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт
- Қазақстанда жол ережесін бұзатындарға тұзақ көбейді: Дрон, камера және лазер іске қосылды
- Өз әкесінен алимент өндіріп алған студент. Істің жай-жапсары