Тоқаев Рахмонды және Тәжікстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

cover

Қасым-Жомарт Тоқаев Рахмонға ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтау жеделхатын жолдады.

Жаңа мазмұнға толы және стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейге толық сәйкес келетін Қазақстан-Тәжік ынтымақтастығының жоғары қарқынын зор қанағаттанушылықпен атап өтемін, делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы көп қырлы қарым-қатынастар екі ел халықтарының игілігі мен мүддесі үшін алдағы уақытта да жан-жақты нығая беретініне сенім білдіргені атап өтілген.

Тоқаев Рахмонға жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал бауырлас Тәжікстан халқына амандық пен гүлдену тіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар