Тоқаев Путинді Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімнің 20 жылдығымен құттықтады
Фото: Ақорда
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімге 2005 жылдың 18 қаңтарында Мәскеуде қол қойылған, деп хабарлайды Orda.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев келісімінің 20 жылдығына орай Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады.
«Тарихи маңызы бар, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей қабылданған нормаларына негізделген бұл құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық ресімдеудің берік іргетасы болды және біздің мызғымас достығымыздың, тату көршілік пен одақтығымызды паш етті» деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы көршілес екі елдің көп қырлы ынтымақтастығы одан әрі дамып, нығая беретініне сенім білдірді.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын үздіксіз мемлекетаралық шекара, оның ұзындығы 7598,8 шақырым.
Осы шекара бойынша Қазақстан жағынан тоғыз әкімшілік нысан, Ресей жағынан 11 облыс орналасқан.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді