«Тоқаев пен Досаев»: Алматыда қандай өзгерістер болады?
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кездесті.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ерболат Досаев 2024 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытындысын баяндады:
- Негізгі капиталға инвестициялар 15,8%-ға өсіп, 714,8 млрд теңге болды;
- Жеке инвестициялар 21,1%-ға артты да бұл негізгі экономикалық секторларды қамтиды;
- Осы жылы қалаға 2 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр;
- 32,7 мың жұмыс орны құрылды, соның 75%-ы тұрақты жұмыс орындары болды.
Сондай-ақ, Ерболат Досаев қоғамдық көлікті жаңарту бойынша экологиялық автобустарды 2024 жылы 70%-ға дейін көбейтуді жоспарланып отырғанын айтты.
«600 газбен жүретін автобус, 100 электробус және 112 троллейбус сатып алынбақ. Сондай-ақ қаланың троллейбус паркі толығымен жаңартылады. Қаланың жоғарғы бөлігін сумен қамту бағытында құрылыс жұмыстары биылғы шілде айында аяқталып, 6 жаңа ұңғыма және 1,5 шақырым магистральдық құбыр пайдалануға берілді. Нәтижесінде қосымша схеманың қуаты 60 пайызға артты. Бұл Медеу ауданының 50 мың тұрғынын сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік инфрақұрылымға ерекше назар аударылады. Биыл 4 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы аяқталады. 12 емхананың капиталды жөндеуі жүргізіледі. Сонымен қатар, «Фетальды хирургия» пилоттық жобасы іске қосылады. Білім беру саласында 8 жаңа мектеп және 10 жеке оқу орнының ашылуы жоспарланып отыр», — деді Ерболат Досаев.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін дамытуға, сондай-ақ Алматы экономикасын әртараптандыру аясында шағын және орта бизнес үлесінің өсуі есебінен кірісті одан әрі арттыруға баса назар аударуды тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық