Тоқаев Павлодар облысы әкіміне бірқатар тапсырма берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады. Ол президентке өңірдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.
Ақорданың хабарлауынша, Тоқаевқа былтырғы ауыл шаруашылығын қоспағанда, барлық базалық макрокөрсеткіш бойынша оң динамикаға қол жеткізілгені жөнінде баяндалды. Облыс экономикасына 965 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 26% көп.
Жолаушылар тасымалы секторында 31% машина жасау ісінде 13%, құрылыс саласында 8% өсім байқалады.
Президентке 73 шақырымнан астам жылумен қамту желісіне реконструкциялау жұмыстары жүргізілгені жөнінде мәлімет берілді. Екібастұз жылу электр орталығындағы барлық 10 қазандық агрегат жөнделді. Техникалық суға арналған 11 шақырым жаңа құбыр тартылып, 5,4 шақырым магистральды жылумен қамту желісіне реконструкция жасалды.
Асайын Байхановтың айтуынша, облыстағы ауылдарда үш заманауи мектептің салынуы апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселені шешуге мүмкіндік берді. Өңірде 54 білім беру ұйымы толықтай жаңғыртылған.
Сонымен қатар мемлекет басшысына екі жыл ішінде "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 30 жаңа медициналық нысан салынатыны туралы баяндалды.
Облыста қоғамдық көлік жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары басталған. Былтыр қалалық автобус паркі 130 жаңа автобуспен толықтырылды. Сондай-ақ 722 шақырым автожол жөнделген.
Президенттің тапсырмасын орындау үшін ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен жылы 37 мыңнан астам халқы бар 44 ауылға жаңа су құбыры тартылды. Осылайша, облыстағы ауыл тұрғындарының 98%-на таза ауызсу жеткізілді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне Ертіс өңірін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық