Тоқаев Назарбаевтың әріптестерін марапаттады
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Металлургтер күні қарсаңында отандық металлургия мен өнеркәсіпті дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
«Құрмет» орденімен 22 адам, 3-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен 41 адам, «Ерен еңбегі үшін» медалімен 51 адам марапатталды. Сондай-ақ, 7 маман президенттің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Қазақстанда металлургтер күні 2003 жылдан бері шілде айының әрбір үшінші жексенбісінде тойланады.
Еске салсақ, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев мамандығы бойынша – металлург. Ол Украинадағы Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургиялық комбинатының жанындағы № 8 кәсіптік-техникалық училищеде оқып, 1960 жылы бітірді. Сол жылы Теміртау қаласындағы «Казметаллургстрой» тресінің құрылыс басқармасына жұмысшы болып орналасады. Одан кейін Қарағанды металлургия комбинатында (қәзіргі «Qarmet») шойыншы, пеш машинисті, диспетчер, газ операторы және домна цехының аға газ операторы болып жұмыс істеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық