Тоқаев мемлекеттік сапармен Әзірбайжанға барды

cover Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжанға мемлекеттік сапармен барды.

Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Қазақстан президентін Әзірбайжан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды.

Сапар аясында мемлекет басшысы Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзірбайжанның жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар