Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Economist.kg:
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Orda.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты және Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Құттықтау хатында Мемлекет басшысы егеменді Қырғыз Республикасының тарихындағы бұл атаулы күн мемлекеттіліктің одан әрі нығаюы мен ілгерілеуінің мызғымас негізі екенін атап өтті. Ол сондай-ақ стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына толық сәйкес келетін қазақ-қырғыз ынтымақтастығын дамытуды жоғары бағалады» делінген хабарламада.
Қазақстан Президенті Қырғызстан басшысына жауапты мемлекеттік қызметінде одан әрі табыс, ал бауырлас Қырғыз халқына амандық пен гүлдену тіледі.
Қырғыз елі бұл күнді мерекелік шаралармен атап өтеді. Ел астанасы Бішкек қаласының «Ала-Тоо» алаңында концерт өтеді, онда Стас Михайлов пен Филипп Киркоров тағы басқалар өнер көрсетпекші. Бұл жоспар әлеуметтік желідегі кейбір қоғам қайраткерлерінің наразылығын тудырып та жатыр. Дегенмен, Z-артистер деп аталатын өнерпаздардың қойылымы халықтың наразылығына қарамастан болатын болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық