Тоқаев қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы заңға қол қойды
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жаңа заң жеке деректермен және ірі көлемдегі қаржы ағындарымен жұмыс істейтін ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейтеді. Цифрлық активтермен, мәдени құндылықтармен жасалатын операциялар мен коммерциялық емес ұйымдардың қызметі қатаң бақылауға алынбақ.
Құжатта қаржы ұйымдарының басшыларын мұқият тексеруге және олардың ақшаны жылыстату схемаларына қатысуының алдын алуға ерекше назар аударылған. Мұндай қылмыстар үшін сотталған бенефициарлары бар компанияларға қойылатын талаптар да күшейтіледі.
Мемлекеттік органдар өз құзыреттері шегінде қауіп-қатерлерді тұрақты түрде бағалап, бақылауындағы ұйымдарға қатысты қадағалауды күшейтуге міндеттеледі. Сонымен қатар, құжатта цифрлық қауіпсіздікті арттыру және күмәнді операцияларды мониторингілеу шаралары да қарастырылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық