Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс мекемесінің биылғы атқарған жұмыстарының қорытындысы және әскердің жауынгерлік дайындығына қатысты жаңа тәсілдер, оқу базасы мен полигондардың жай-күйі туралы баяндалды.
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Сонымен қатар мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау мәселесіне, ұшқышсыз ұшатын ұшақ кешендерін, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қару-жарағын, жаңғыртылған бронды техника мен байланыс құралдарын қоса алғанда, авиациялық техниканың жаңа үлгілерімен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Бұдан бөлек, президентке азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру барысы, әскери қызметшілердің мәртебесі мен оларға берілетін ақшалай қаражатты арттыруға бағытталған шаралар туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ аясында жүзеге асырылатын миссияларға қатысу үшін қазақстандық бітімгерлік контингенттің әлеуетін арттыру қажет екенін атап өтті.
Кездесу соңында мемлекет басшысы министрге отандық қорғаныс бағытындағы кәсіпорындармен ықпалдастық жасау, аумақтық қорғанысты және Арнайы операцияларға қатысатын күштерді дамыту, әскери-патриоттық жұмысты күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Жаңалықтар
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді
- Маңғыстауда жасөспірім қызды бірнеше адам жабылып ұрып-соққан
- «QARMET» АҚ-ға 1,5 млрд теңге залал келтірген ҰҚТ-ның 13 қатысушысы сотталды
- Тоқаев: Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады
- Тоқаев Құрылтай спикері қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды
- Тоқаев 16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салуды қолдады
- Тоқаев Құрылтайдың басты міндеттерін атады
- Әлемде жаңа тәртіп қалыптасып жатыр. Ол кереғар сипатқа ие - Тоқаев
- Президент: Өткен қайғы-қасіретті ұлттық болмысымыздың арқауы етуге болмайды
- Мемлекеттердің, әсіресе ірі елдердің арасындағы сенімге селкеу түсті — Тоқаев
- Тоқаев: Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды
- Тоқаев үкіметті таратты
- Алматыда клубтан шыққан қыздың шашынан сүйреп, аяусыз соққыға жыққан
- Тойдан кейін төрт адамға оқ атылған: Жамбылда бес тұрғын 17 жылға сотталды