Тоқаев «Қазпошта» басшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады.
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Президентке «Қазпошта» акционерлік қоғамының биылғы 8 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндалды.
Атап айтқанда, компания шығындарды оңтайландыру, электронды коммерцияны және басқа да қаржылық қызметтерді дамыту есебінен соңғы 5 жылда алғаш рет шығыны аз, табысты мекемеге айналып отыр.
«Қазпоштаның» 8 айдағы кірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 44 пайызға немесе 16,7 миллиард теңгеге артты.
Әсел Жанасованың айтуынша, еліміздің шалғай елді мекендерінде «Қазпоштаның» бөлімшелер желісін кеңейту жоспарланып отыр. Бұл пошта, қаржы, агенттік, әлеуметтік және мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысына «Қазпошта» акционерлік қоғамы электронды коммерция нарығының субъектілері үшін бірыңғай экожүйе құратыны жөнінде мәлімет берілді. Ол үшін компания фулфилмент орталықтарын дамыту, отандық және шетелдік танымал маркетплейстер үшін тапсырыстар беру пункттерін ашу, қоймалар мен поштамат желілерін кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар президентке Ақтөбе қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында логистикалық хаб салу жоспары таныстырылды. Мұндай логистикалық хаб осы аптада Астана қаласында ашылмақ.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қаржылық жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастыруды, ауыл тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік және мемлекеттік қызметтер аясын ұлғайтуды тапсырды.
Жаңалықтар
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты
- «Мектепке шабуыл жасалады»: Түркияда күдікті хабарлама жазғандардың бәрі ұсталып жатыр
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
- Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
- Space X бәсекелесі ұшырған зымыранының бірінші сатысын жерге қондырды
- Павлодарда қайтыс болған адамдарға «медициналық қызмет көрсетілген»
- ҚР ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қатаң
- Яна Легкодимованы өлтіргендер тергеу изоляторынан түрмеге жөнелді
- Пайызы 12 есе жоғары: Ақтөбеде күдікті заңсыз ломбард қызметін ұйымдастырған
- Мысығын бір сағат бойы кір машинасында «жуған» әйел жазаланды
- Болгариядағы парламенттік сайлауда экс-президенттің партиясы жеңіске жетті
- Сегіз бала көз жұмды: АҚШ-та ер адам туыстарының балаларын қырып салды