Тоқаев Қазақстанның геология саласының ардагерлерімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің геология саласына еңбек сіңірген бір топ қайраткермен – ҚР ҰҒА академигі Серікбек Дәукеевпен, «Меридиан Петролеум» ЖШС директоры Балтабек Қуандықовпен, Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының директоры Герой Жолтаевпен және «Минералдық ресурстар академиясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Болат Үжкеновпен кездесті.
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы геология саласы жалпы жер қойнауын пайдалану ісін қарқынды дамытудың негізі екенін және ел экономикасының маңызды құрамдас бөлшегі саналатынын атап өтті.
Президенттің пікірінше, аталған салаға, әсіресе геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу бағытына тың серпін беру қажет. Сондықтан жуырдағы Жолдауда Үкіметке 2026 жылға қарай геологиялық және геофизикалық барлау көлемін 2,2 миллион шаршы шақырымға дейін жеткізу міндеті жүктелді.
Мемлекет басшысының айтуынша, геологиялық барлау саласына шетелдік инвесторларды, сондай-ақ капитал мен заманауи технологияларды тарту мақсатында кешенді шаралар қабылданып жатыр. Бұл ретте инвестиция үшін геология саласының ашықтығы мен мемлекет мүддесі арасындағы теңгерімді сақтау маңызды.
Сонымен қатар кездесуде геология саласының өзекті мәселелері мен аталған бағытты ынталандыруға қатысты ұсыныстар талқыланды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық геология саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін ардагер ғалымдарға алғыс айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық