Тоқаев қазақстандықтарды Медицина қызметкерлері күнімен құттықтады
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің адал еңбегі үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Құрметті дәрігерлер, денсаулық сақтау қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Сіздер күн сайын азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасап, адамдардың өмірін риясыз құтқарып, жауапты да игі миссия атқарып келесіздер.
Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз жоғары баға мен құрметке лайық. Жуырда медицина қызметкерлерінің мәртебесін нығайтуға және құқықтарын жан-жақты қорғауға бағытталған заң қабылданды. Алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы тағайындалды, ол елге сіңірген ерен еңбегі үшін беріледі.
«Адал Азамат» тұжырымдамасының мұраттары мен құндылықтарын дәйекті түрде ұстана отырып, сіздер нағыз кәсібилік пен дәрігерлік борышқа риясыз адалдықтың үлгісін көрсетесіздер.
Қоғам игілігі жолындағы тынымсыз қызметтеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын!
Баршаңызға зор денсаулық, бақыт және жаңа жетістіктер тілеймін!»
Жаңалықтар
- Тоқаев Трамппен экономика мен қауіпсіздік мәселелерін талқылап, оны Қазақстанға шақырды
- Астанада төрт адамды балталап өлтірді деп айыпталған адамға мәжбүрлі ем тағайындалды
- Үш министрліктің бұйрығы: Қазақстан көші-қон саясатын қатаңдатады
- Ақтөбеде мерзімді қызметтегі сарбазды ұрған сержант сотталды
- «Әділет» партиясы сайлауалды бағдарламасы мен кандидаттар тізімін бекітті
- Қостанайда пойыз вагонына шыққан жасөспірім тоққа түсіп, ауыр күйік алды
- Астанада мешітте намаз оқып жатқан ер адамның телефонын ұрлап кеткен
- Төрт күдікті ұсталды: Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында көлік жуатын орында атыс болды
- Ақтөбе облысының Байғанин ауданында төтенше жағдай жарияланды
- Түркияда 18 жастағы қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты: СІМ мәлімдеме жасады
- Ердоған Анкарадағы НАТО саммитінен кейін Еуропа көшбасшыларына арнаулы тапанша сыйлады
- Астанада интернет-есірткі дүкені «қоймасы» рөлін атқарған күдікті ұсталды
- Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар елші тағайындалды
- Жамбыл облысында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді
- ӘЧ-2026: Мбаппе бірнеше рекорд орнатты, Лондонда футбол жанкүйерлері шу шығарып, қаланы әбігерге салды
- Қазақстанда Kуzdar.net ісі бойынша алғашқы үкім шықты
- Омбыдағы гүлзар алаңына Кемел Тоқаевтың есімін беру ұсынылды
- Өзбекстанда әліпби өзгереді: 26 әріптің орнына 28 әріп болады
- Ақтаудағы кафелердің бірінде атыс болып, ер адамның бетіне оқ тиді
- Алматы мен Астанада аптап ыстық күшейеді: Ауа температурасы +38 градусқа дейін жетеді