Тоқаев Энергетикалық кеңес туралы ережеге өзгерістер енгізді
Фото: gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаев Президент жанындағы Қазақстан Республикасының Энергетикалық кеңесі туралы ережеге өзгерістер енгізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы ережеде, аталған жарлықпен бекітілген: 9-тармақты келесі редакцияда баяндау:
«9. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, кеңес төрағасы айқындайтын мерзімдерде, бірақ жарты жылда бір реттен кем емес өткізіледі. Кеңес төрағасының шешімі бойынша мәселелерді сырттай дауыс беру арқылы шығару және қарастыруға жол беріледі. Сырттай дауыс беру қағаз тасымалдағышта жүргізіледі. «Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісі бар жобалар, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қамтитын материалдар бойынша дауыс беру мемлекеттік құпияларды қорғау талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады» деп жазылған ереженің жаңа редакциясында.
Түзетулерге сәйкес, кеңес мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі шешім жобасы бойынша материалдар таратылған күннен бастап бір жұмыс күнінен аспауы тиіс.
«Сырттай дауыс беруге жіберілген шешім жобасына қатысты ескертулер болған жағдайда, кеңес мүшелері сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін кеңестің жұмыс органын жазбаша түрде хабардар етеді. Белгіленген мерзімде жауап берілмеген жағдайда, кеңес мүшесі шешім жобасын «әдеттегідей» қабылдауға дауыс берді деп есептеледі. Кеңес отырысы оның кемінде жартысы қатысқан жағдайда ғана заңды деп танылады. Кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін өзге лауазымды тұлғаларға беруіне жол берілмейді» деп жазылған Мемлекет басшысының жаңа жарлығында.
Бұрынғы редакцияда 9-тармақ бір ғана қысқа абзацтан тұрған еді:
«Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, кеңес төрағасы айқындайтын мерзімдерде, бірақ жарты жылда бір реттен кем емес өткізіледі. Кеңес отырыстары оның мүшелерінің тікелей қатысуымен өткізіледі және оның мүшелерінің кемінде үштен екісі дауыс берген жағдайда заңды деп танылады. Кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін өзге лауазымды тұлғаларға беруіне жол берілмейді».
Сонымен, дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып саналады.
«
13-тармақты келесі редакцияда баяндау: «13. Кеңес шешімдері ашық немесе сырттай дауыс беру арқылы кеңес отырысына қатысқан немесе сырттай дауыс берген кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болады. Кеңес мүшелері өздерінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы, ол хаттамаға қоса тіркеледі» деп жазылған Тоқаевтың жаңа жарлығында.
Бұрынғы редакцияда 13-тармақ былай жазылған:
«Кеңес шешімдері дауыстың қарапайым көпшілігімен қабылданады және ұсынымдық сипатқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болады. Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол болған жағдайда жазбаша түрде баяндалып, хаттамаға қоса тіркеледі».
Тоқаевтың өзгерістер енгізу туралы жарлығы күшіне енді.
Кеше Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысын өткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.
Қазақстан Президентіне Өзбекстанның жоғары мемлекеттік наградасы табыс етілді. Президент Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты «Жоғары дәрежелі достық» орденімен марапаттады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық