Тоқаев Италияға ресми сапармен келді

cover

Рим әуежайында Қазақстан президентін Италияның қорғаныс министрі Гидо Кросетто мен Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 18 қаңтарда Италия президенті Серджио Маттарелламен және премьер-министр Джорджия Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Сол күні мемлекет басшысы «Қазақстан – Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және итальяндық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізеді.

19 қаңтарда Қазақстан көшбасшысы Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездесу өткізеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар