Тоқаев Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Кездесу барысында ұйымның негізгі міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
- Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның жарғылық жұмысында Ұйымға мүше барлық мемлекет үшін анағұрлым өзекті әрі сұранысқа ие бағыттарға назар аудару қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, терроризм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, ақпараттық саладағы қылмыс секілді сын-қатерлерге қарсы күрес мәселесіне айрықша мән берген жөн.
- Президент өңірлік қауіпсіздікті нығайту мақсатында басқа да халықаралық құрылымдармен конструктивті ынтымақтастықты жолға қою маңызды екенін айтты.
- Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің былтыр қараша айында өткен сессиясында Қазақстанның бастамасымен қабылданған Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы жөнінде мәлімет берді.
- Кездесуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына және еліміздің аумағында өтетін оқу-жаттығу жиындарына дайындық мәселесі қарастырылды.
Жаңалықтар
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды
- Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады