Тоқаев ғылыми кеңес отырысында атом энергетикасын дамыту мәселесін қарауды тапсырды
Фото: Ақорда
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғалымдармен кездесті. Өз сөзінде ол ядролық ғылым мен технологияны дамытудың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сондай-ақ, президент отандық кәсіпорындарды ғылымды дамытуға үлес қосуға шақырды. Оның айтуынша, жаңа өнімдер жасау үшін университеттер мен ғылыми орталықтармен ынтымақтастық орнату маңызды. Тоқаев Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар қазірдің өзінде табысының 1 пайызын ғылымға бағыттап жатқанын стратегиялық маңызды қадам деп атады.
«Қазақстанның бұл салада әлеуеті зор, ядролық генерация тұрақты энергия көзі ғана емес, экономика мен ғылымның жаңа бағыттарын дамытудың бастау нүктесі», – деді президент.
Оның айтуынша, сөз болып отырған салалар ядролық медицина, сутегі энергетикасы, суды тұщыту, синтетикалық отын өндіру, шағын модульдік реакторлар және басқалар. Ал бұл салаларда серпіліс жасау үшін ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын нығайту, ғылыми жұмыстарды жандандыру, инженерлік білім беруді жаңғырту қажет.
«Атом энергетикасын дамыту мәселесі президент жанындағы ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібіндегі басты мәселе болуы керек», – деп тапсырды Тоқаев.
Жаңалықтар
- Шымкентте «алма бақтары» арқылы 430 млн теңге жымқырылған
- Екібастұзда дәрігер мен медбикені екі мас адам соққыға жықты
- FlyArystan Дубайға ұшатын рейстерін жаз бойы тоқтатты
- Танымал актер, режиссер Есмұхан Обаев өмірден өтті
- Жетісу облысында алаяқ әйел жоқ бизнестен 100 миллион теңгеден астам пайда тапқан
- Иран АҚШ-тың блокадасына жауап ретінде Қызыл теңіз бен Парсы шығанағын жабатынын мәлімдеді
- Вашингтондағы келіссөздер: Рубио мен Жұманғарин не туралы сөйлесті?
- Погон таққан балуан қыз халықаралық жарыста І орын алды
- Атырауда полиция басқармасының басшысы ұсталды
- Шымкентте автогаз табу – нағыз сынаққа айналды
- Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты БАӘ шейхына қолдау білдірді
- Қазақстан құқықтық көмек туралы конвенциядағы өзгерістерді ратификациялады
- Ақтау маңындағы әуе апаты: Әзербайжан мен Ресей өзара келісімге келді
- 4 адам опат болды: Түркияда тағы да оқушы мектептегілерге оқ жаудырды
- Президент АХҚО басшысына елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды
- «Әндерді сатып алдым»: Композитор Қуат Әбіл пен әнші Баянсұлу арасындағы кикілжің оң шешімін тапты
- Маңғыстау облысында қатты нөсер мен дауылдан үйлерді су алып, шатырлар ұшты
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
- Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды
- Қазақстанда жаңа партия құрылады