Тоқаев Грекия премьер-министрімен кездесті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы Грекияны Қазақстанның Жерорта теңізі аймағы және Еуропа Одағындағы сенімді серіктесі ретінде атап өтті. Сондай-ақ Афины еліміздің Еуропа Одағына мүше мемлекеттер арасындағы бес ірі сауда әріптесінің бірі екеніне назар аударды.
Ал Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакис қазақ-грек ынтымақтастығының әлеуетін жоғары бағалап, барлық бағыттағы өзара байланыстарды тереңдетуге дайындығын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кириакос Мицотакис сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты нығайтуға дайын екендіктерін айтты.
«Кездесуде белсенді саяси диалог жүргізу жөнінде уағдаластық жасалды. Грекия Үкіметінің басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға сапармен келу туралы ұсынысын ризашылықпен қабыл алды» делінген Ақорда хабарламасында.
Жаңалықтар
- Украина, АҚШ және Ресей арасындағы Абу-Дабидегі келіссөздер кейінге қалды
- Алматыда ер адам жүк көлігінің астына түсіп қаза тапты
- Жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқаны алматылыққа айыппұл салынды
- Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өртте жоғалған Қазақстан азаматына қатысты СІМ мәлімдемесі
- Шавкат Рахмонов екінші ота жасатқанын айтып, UFC-ге оралуды кейінге қалдырды
- Павлодардағы салынып жатқан көпір бір тәулікте екінші рет өртенді
- Белгілі әнші Ернар Айдар жаңа көлігімен мақтанамын деп айыппұл арқалады
- Талдықорғанда сұйытылған газ тиелген цистерналар рельстен шығып кетті
- Биылғы 1 ақпаннан бастап көп қабатты тұрғын үй құрылысына талап күшейтілді
- Еліміздің 12 қаласында ауаның ластануы жоғары
- Павлодарда салынып жатқан құны оншақты миллиард болатын көпірде өрт шықты
- Атырауда «жасыл белдеуді» құрылыс салу үшін берген ауыл әкімі қызметінен кетті
- Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, Australian Open-2026 жүлдесін иеленді
- Конституцияның жаңа жобасында экс-президенттердің өміріне қолсұғылмаушылық сақталған
- Теңіздегі мұнай өндіру қайта жанданып, қалыпты жұмыс басталды
- «Ұлттық қор – балаларға» қаражаты инвестиция арқылы өсе береді
- Прокуратура қыздар университетінің ғимаратын өзіне қайтарды
- 600 миллион теңгеге жөнделген Шнайдер көпірінің қирауы: ШҚО әкімі пікір білдірді
- ЕЭК Кеңесінің алғашқы отырысында Қазақстан өз басымдықтарын айқындады
- Ұлттық банк валюталық реттеу қағидаларына ауқымды түзетулер ұсынды