Тоқаев Боранбаевтың күйеу баласын қабылдады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Марат Омаров былтыр қабылданған монополияға қарсы шаралардың нәтижесі туралы есеп берді. Ол негізгі тауар нарықтарында шоғырлану деңгейін төмендету және «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа сәйкес жекешелендіру бағытында атқарылған жұмыстар жайында баяндады.
Марат Омаровтың мәліметінше, агенттік монополияға қарсы 97 істі тергеп-тексеруді аяқтаған екен.
Сонымен қатар бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы президентке 2025 жылға арналған жоспарды таныстырды.
«Монополиялық нарықтағы бағаға бақылауды күшейту, тергеп-тексерулер мен нарықты талдау тиімділігін арттыру үшін заңнамаға тиісті өзгерістер әзірленді. Агенттіктің цифрлық экожүйесін құру мен дамыту жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл жасанды интеллект технологияларына негізделген ақпараттық-сараптамалық жүйені, цифрлық портал мен талдау құралдарын қамтиды», - деді төраға.
Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті ретінде отандық футболдың әлеуетін көтеру және еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау жоспарын таныстырды.
Жаңалықтар
- Мұхтар Жәкішевтің қызы Лондонда шетелдік инвестициялық менеджерге тұрмысқа шықты
- Қырғызстанның экс-премьер-министрінің ұлы Алматыдағы тергеу абақтысында отыр
- Өндірісте жарақат алып, қолы кесілген: Сот жұмыс берушіні 28 606 425 теңгелік протез алып беруге міндеттеді
- Атырауда «Керемет» ойын-сауық саябағынан өрт шықты
- Тоқаев құттықтады: Қырғызстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қосылды
- Зеленский Путинмен тікелей келіссөздерге дайын екенін айтты
- Жұмыс беруші қызметкердің жалақысын сақтап, медициналық тексеруден өтуге жіберуге міндетті
- Мемлекеттік рәміздер — ел егемендігінің басты нышаны
- Димаш Құдайберген Ұлттық қауіпсіздік комитетінде не істеп жүр?
- «Рөлде қарындасым болған»: Жамбыл облысындағы полиция басшысының видеосы тарады
- Тоқаев Кипр президентіне Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес құруды ұсынды
- Атыраудағы қырылған отбасы: Күдіктінің жұбайы қылмысқа қатысы жоқ деп танылды
- Депутат әлеуметтік желідегі пікірлер үшін сотталғандарға амнистия беруді сұрады
- Азат Перуашев Тоқаевтың сынынан кейін «айыппұлстан» сөзіне қайтадан түсініктеме берді
- Алматыдағы Hilton қонақүйіне сот орындаушылары қайта келді: 170 адам жұмыссыз қалуы мүмкін
- 75 мың доллар пара беру кезінде ұсталды: Бұрынғы вице-министрлер ісі бойынша сотта не айтылды?
- Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды
- Burger King-ке 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды
- Рақымшылық-2026: Кімдер босатылады, кімдерге кешірім жоқ?
- Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы бюджет қаражатын жымқырып ұсталды