Тоқаев Бангладеш президентін тәуелсіздік күнімен құттықтады

cover Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Бангладеш президенті Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
 
Президент жеделхатында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ынтымақтастық болашақта да қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. 

Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне табыс, ал Бангладеш халқына құт-береке тіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар